
СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев Солтүстікқазақстандықтардың алдында онлайн-есебінде халықпен қарым-қатынас жасауды автоматтандыру мен цифрландыру мәселесіне көңіл бөлді.
«Қазіргі таңда ішкі істер органдары көрсететін 29 мемлекеттік қызметтің 20-сы электронды форматқа көшірілді, - дейді полиция ведомствосының басшысы. — Бұл қызмет көрсету уақытын қысқартып қана қоймай, оның сапасын жақсартуға, полиция қызметкерлерінің қызмет алушылармен тікелей қатынасы кезіндегі сыбайлас жемқорлық көрінісін азайтуға мүмкіндік берді».
Сұранысқа ие жүргізушілер мен қару иелері алатын мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшірілді. 11 айда осы және өзгелері бойынша 63 мың және сәйкесінше 805 мың қызмет көрсетілді.
Полицейлер көрсететін мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі, көші-қон қызметі саласына қатысты - 11 айда 127 мың қызмет көрсетілген. Оның тек 1016 қағаз түрінде, бұл жерде ҚР азаматтығына қабылдау және шығару, шетелдіктерге тұрақты тұруға арналған рұқсаттарын тіркеу және беру, шығу визаларының мерзімін ұзарту және беру туралы сөз болмақ. Тағы 2765 қызмет «азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі, алайда қызмет алушылар түрлі себептерді сылтауратып, қағаз форматта алуды таңдаған. Оның ішінде 2628 адам паспорт немесе жеке куәлікті қағаз түрінде ресімдеуді жөн көрген. Салыстыру үшін: қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы сол қызметті 6305 мыңнан астам адам алды. Бұл қашықтан қызмет көрсетудің қазіргі заманда өзекті болғандығын көрсетеді.
Марат Төлебаевтың ойынша, цифрландыру - полициядағы реформалардың және полицияның халықпен жұмыс істеудің сервистік моделіне көшудің сенімді техникалық іргетасы.