Петропавл тұрғынына 300 мың теңгені Алматы облысының такси жүргізушісі қайтарып берді

Петропавл тұрғынына 300 мың теңгені Алматы облысының такси жүргізушісі қайтарып берді
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев тікелей эфир барысында азаматтарды жеке қабылдау мен басқа да ашық алаңдар тиімділігі жайлы айтты. Полиция полковнигі жедел-қызметтік жұмыстың барысы туралы тұрғындарға онлайн режимінде есеп берді. Полиция ведомствосының бастығы жыл басынан бері оған 120-дан астам адам жеке өтінішімен келгенін атап өтті. Сондай-ақ, сұрақтар Facebook парақшасындағы жеке аккаунт арқылы да түсті.

47 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны азаматтарды бірыңғай қабылдау күні аясында Полиция департаменті бастығына жүгінгеннен кейін екі аптадан соң, бір жылдан астам уақыт бойы ақшасын қайтармаған адамнан ақшасын қайтарып алды. Андрей Култышев автокөлік айдап әкеліп беремін деп уәде берген Алматы облысының тұрғынына 300 мың теңге аударған. Көлік сатып алмаған, бірақ алматылық ақшасын қайтарып бермеген. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның шеңберінде Марат Төлебаев қолданыстағы заңнама аясында толық әрекет жасауға тапсырма берді. Қосымша шаралар күдіктіні анықтап, мәселені заңды түрде шешіп, Петропавл тұрғынына ақшаны толығымен қайтаруға мүмкіндік берді.

Соңғы кезде карантиндік шектеулерге байланысты кездесулер онлайн режимінде өтуде. Есептік кездесу барысында Солтүстік Қазақстан полициясының бірінші басшысына 20-дан астам адам жүгінді. «Осы кездесу барысында жауап алып үлгермесеңіз сұрақтар назардан тыс қалмайды, мен оларды жеке бақылауыма аламын», - деді ведомство басшысы онлайн-есеп беру кезінде. Айта кету керек, әлеуметтік желі қолданушылары диалогтың мұндай форматын жоғары бағалады. Эфир барысында желі қолданушыларының бірі «жүгінген мәселесіне уақытында жауап алғаны үшін» ризашылығын білдірді. «Мұндай форматтағы қарым-қатынас біз үшін өте пайдалы», - деп жазды Мұрат Есіл.