
Облыстық полиция ведомствосының бастығы Марат Төлебаевтың есебі онлайн режимінде өтті. Facebook әлеуметтік желісінің қолданушылары Полиция департаментінің ресми парақшасында есепті көріп қана қоймай, сонымен қатар өздерін толғандырған мәселелер жайлы сұрақтарын қоя алды.
Департамент бастығы жылдық есебін аймақтағы заңдылық пен тәртіптің жай-күйінен бастады. Жыл басынан бері қылмыс деңгейінің 23 пайызға төмендеді, былтыр 6 007 болса, биыл 4 646 қылмыс тіркелген. Адам өлтіру, денсаулыққа зиян келтіру, қарақшылық, тонау, ұрлық пен бопсалау көрсеткіштері төмен. Әрбір үшінші қылмыс бөтеннің мүлкін ұрлау болып табылады. Аймақтың бас полицейі желідегі алаяқтықтың алдын-алу қажеттілігіне ерекше назар аударып, солтүстікқазақстандықтарды мұқият болып, қаржылық операциялар кезінде жеке құжаттардың мәліметтерін жарияламауға шақырды. Жол қауіпсіздігі мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, облыс тұрғындарына жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың негізгі бөлігі - кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бұзақылық мас күйде жасалатындығы туралы ақпарат берілді. Аймақта әрбір алтыншы қылмыс маскүнемдік салдарынан орын алады (4646-дан 803).
Осындай қылмыстарды болдырмау мақсатында алкогольге қарсы заңнама саласындағы 9420 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Мыңнан астам литр алкоголь алынып, спирттік ішімдіктерді заңсыз сатудың 187 фактісі және спирттік өнімдерді сату талаптарын бұзудың 122 фактісі анықталды. Жиналған материалдар бойынша сотпен 105 кәсіпкерлік субъектісінің алкоголь өнімдерін сатуға лицензиялары тоқтатылды. 136 адам мәжбүрлеп емдеуге жолданды.
«Көріп отырғаныңыздай, біз өз тарапымыздан шаралар қабылдап жатырмыз, бірақ сонымен бірге біз алкоголь өнімдерін, әсіресе, аса қауіпті суррогат өнімдерін сату орындарын анықтауда көмектесетін азаматтарға үміт артамыз ...» - деп полиция ведомствосының бастығы облыс тұрғындарына жүгінді. Жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылық мәселелері де назардан тыс қалмады. Есепке сүйенсек, кінәлі қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар тікелей басшылар да қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Жыл басынан бері 60-тан астам түрлі деңгейдегі басшылар жауапқа тартылып, 21 қызметкер теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды. Онлайн есеп беру кезінде желі қолданушылары тарапынан көптеген сұрақтар түсті. Есірткі сайттары жарнамасы профилактикасы, учаскелік полиция пунктімен байланыс, жол белгілерін орнату, жаяу жүргіншілер өткелдері, тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдармен профилактикалық жұмыстар қалай жүргізіліп жатқандығы жайлы сұрақтарға Марат Төлебаев толық жауап берді. Кездесу соңында СҚО ПД бастығы Полиция департаментінің ұстанымы ашықтық пен тұрғындармен өзара қарым-қатынас жасауға бағытталғанын баса айтты. Барлық басшылардың әлеуметтік желілерде жеке парақшалары бар, онда олар желі қолданушылармен тікелей байланыс жүргізеді. Марат Төлебаевтың Фейсбуктағы жеке парақшасында 5 мыңдай адам тіркелген.