
СҚО ПД Көші-қон қызметі шетелдіктерді тіркеу тәртібіндегі кейбір өзгерістер жайлы хабарлайды. Карантиндік іс-шаралармен байланысты Қазақстандағы қалыптасқан жағдайды талдай отырып, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті өңірлерге еңбекші көшіп келушілер бойынша нұсқау жіберді. Бұрын жұмысқа орналасуға рұқсатпен мемлекеттің аумағына келген шетелдіктер жыл аяқталған соң елден шығуы қажет болатын. Енді Қазақстан Республикасы аумағындағы елде болу мерзімі 1 жылды құрайтын еңбек көшіп келушілерге жаңа бастапқы рұқсат пен УКР елден шықпай-ақ берілетін болады.
Бұдан бөлек, СҚО ПД КҚҚБ аға инспекторы полиция аға лейтенанты Еділ Қазиевтің айтуынша, Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасының 6-тармағын орындау мақсатында, мемлекеттік органдарға «заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік шекарадан кесіп өткен кезде олардың жол жүру құжаттарының, Қазақстан Республикасының визаларының, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың, Қазақстан Республикасында уақытша болуға рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған немесе 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін аяқталатын шетелдік азаматтарға әкімшілік жауапкершілікке тартпай шығуына рұқсат беру» тапсырылды.
Бұдан басқа, Үкіметтің шешімімен тікелей әуе қатынасы (тұрақты, тұрақты емес, чартерлік рейстер) қалпына келтірілген мемлекеттердің азаматтары санынан шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағына келуіне рұқсат етіледі.
Көші-қон қызметтерінің барлық мәселелері бойынша консультацияны СҚО ПД КҚҚБ мына телефондар: 34-00-23 мен 34-00-35 арқылы алуға болады.
Қазіргі уақытта облыс аумағында 3060 шетелдік, оның ішінде 100-і еңбек көшіп келушілер. Барлығы жыл басынан СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері 1468 жұмысқа орналасуға арналған рұқсат берді және мерзімін ұзартты.