
Масаң күйде көлік жүргізу – ауыр салдарға әкеп соғатын жолдардағы өрескел құқық бұзушылықтардың бірі. СҚО полицейлері осындай фактілердің жолын кесу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізуде. Тек 8 күннің ішінде облыс жолдарында масаң күйдегі 13 жүргізуші анықталды, оның 6-ы – Петропавл қаласы аумағында. Қала сыртындағы жолдарда қызмет көрсететін СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері екі мас жүргізушіні ұстады. Мысалға, 6 желтоқсанда куәгерлер Айыртау ауданында аудан орталығы Саумалкөл шекарасында «Mitsubishi Outlander» автокөлігі жанар-жағармай құю бекетіне тоқтамақ болып, бұрылыста рөлге ие бола алмай кюветке кеткен. Оқиға орнына батальон қызметкерлері келді. Жүргізуші зардап шекпеген, одан алкогольдің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру алкогольдік масаң күйде екендігін көрсетті. Сонымен қатар, тексеру барысында 47 жастағы Ғ. Мүсірепов ат. ауданның тұрғынында көлік құралын басқару құқығы жоғы анықталды. Оның жүргізуші куәлігінің мерзімі екі жыл бұрын өтіп кеткен. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-б. бойынша хаттама толтырылды. Қазіргі таңда сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын өтеуде.
«Тағы басқару құқығынан айырылған 7 жүргізуші ұсталды, - дейді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. — Заңнама талаптарын елемеушілік пен масаң күйде көлік жүргізудің тамырына балта шабу қажет. Жыл басынан масаң кйдегі жүргізушілердің кінәсынан 25 жол-көлік оқиғасы жасалған, онда 6 адам қаза тауып, 32 адам жарақат алған. Заңды елемейтін осындай жүргізушілерге қатысты қатаң профилактикалық жұмыс жүргізілетін болады».