СҚО полицейлері қыс мезгіліндегі жолдағы қауіп туралы айтты

СҚО полицейлері қыс мезгіліндегі жолдағы қауіп туралы айтты

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан арақашықтықты сақтамаудан орын алған 7 жол-көлік оқиғасында 13 адам шардап шекті. Жылдамдық режимін асыру себебінен болған апатта 9 адам дене жарақатын алды. Полицейлер аталған бұзушылықтар қыс кезеңінде жолда қауіпті арттыра түсетіндігін атап өтті. Осыған орай, жүргізушілерді арақашықтық пен жылдамдық режимін сақтауға шақырады. «Қыс кезінде апат тәуекелі арта түседі, жол жүрісі ережелерінің талаптарын елемеу жолда қауіптің орын алуына әкеп соқтыруы мүмкін. Қыс түскенге дейін доңғалақтарды ауыстыру қажеттігі және жолдағы өзге де қауіпсіздік шаралары туралы еске салған болатынбыз», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов.

Жаяу жүргіншілерді соғып кетумен байланысты фактілер полиция қызметкерлерінің ерекше алаңдатушылығын туғызады. Желтоқсан айында облыста осындай 3 оқиға тіркелді. Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлері жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де жолда қырағылық пен сақтық танытуы қажеттігін атап өтті. Жаяу жүргіншілер өткелінен жолды кесіп өту кезінде жол беруге көз жеткізгеннен кейін ғана жолдан өту қажет. Бұл талаптар жол жүрісі ережелерінде жазылған. Көктайғақ кезінде бұл норма аса өзекті. Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмысына бақылау жасауда. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарады. Олар қолайсыз ауа райының құрсауында қалған барлық жол қозғалысына қатысушыларға әрдайым көмек қолын созуға дайын.