СҚО полицейлері волонтёр жылының қорытындысын шығарды

СҚО полицейлері волонтёр жылының қорытындысын шығарды

Учаскелік полиция пункттерінің жұмысына еріктілердің көрсеткен көмегі орасан болды. Петропавлдағы УПП бейнебақылаумен жабдықталған. Учаскелік полиция инспекторларының үнемі монитор алдында отыратын мүмкіндіктері жоқ. Бұл жұмысты атқаруға әдетте, еріктілер келеді. Олардың бірлесіп жұмыс істеуінің нәтижесі – 900 астам анықталған құқық бұзушылық.

Өзара іс-әрекеттің тағы бір маңызды желісі – із-түзсіз жоғалғандарды іздеу. Ағымдағы жыл ішінде волонтерлар іздеуге 70 рет шықты. Полицейлермен иық тіресе із-түзсіз жоғалғандарды орман массивтерінен, саяжай учаскелерінен, жертөлелер мен қараусыз қалған үйлерден, пайда болуы мүмкін деген басқа да жерлерден іздеді. Іздестіру іс-шараларында ақпараттық жұмыс маңызды роль атқарады:еріктілер әлеуметтік желілерде бағдарларды тарату жұмысын толығымен өздеріне алады. Танымал пабликтердің әкімгерлері іздеу туралы хабарландыруларды жедел орналастырады. Жыл ішінде із-түзсіз жоғалған 12 тұлға волонтёрлардың тікелей қатысуымен табылды.

Сонымен қатар, белсенді жастар полицейлермен профилактикалық жұмыстарды жүргізуге де құлшына қатысады. Карантин жеңілдетілген кезде олар халыққа интернет-алаяқтық туралы ескертулермен және мүліктерді ұрлықтан сақтау бойынша ұсыныстармен жадынамалар таратты. Одан басқа, олардың еншісінде 400 астам боялған есірткіграффитиі де бар. Полицейлер өңіріміздегі белгілі стрит-арт суретші Станислав Алертті ерекше атап өтті. Интернеттегі есірткі ресурстарын жарнамалайтын жазбалардың үстіне сурет салады, бұл облыс орталығындағы үйлердің қабырғаларын әрлендіре түседі.

Былтырғы жылдың өзінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оған алғашқы акцияны өткізуге көмектесті. Жас жігіттің қала игілігіне жұмыс істеп жатқандығы қуантады, пиар-қолдауды қажет етпей, қылқаламы наркограффитилерді өшіріп, орнына заманауи өнер туындыларын қалдырады.

«Волонтёрлармен өзара қарым-қатынас жасаудың негізгі бағыттары атаулы жыл басталмай тұрып-ақ іске асырылған, - дейді СҚО ДП бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев. – Волонтёр жылы аталған жұмысты жүйелендіруге және дамыту жолдарын белгілеуге септігін тигізді. Қазіргі таңда шығармашыл жастардың халықты ақпараттандырудағы әлеуеті зор екені белгілі. Бүгінгі күнігі жастар әлеуметтік желілердің тілін жақсы меңгерген. Волонтёрлардың өз күштерімен әзірленген іздестіру іс-шаралары мен акциялар туралы жарияланымдарды, есірткіге қарсы тақырыптағы бейнероликтерді орналастыруы осыған дәлел. Кейде бірлескен жұмыстың жаңа бағыттарын волонтёрлардың өздері де ұсынып жатады. Біз алдағы уақытта да аталған қоғамдық резервті барынша пайдалану үшін барлығын жасаймыз».