
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні СҚО полицейлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы айтты. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтіндеріне тоқтала кетті. Жыл басынан солтүстікқазақстандық полиция қатарында сыбайлас жемқорлық сипаттағы 9 факті анықталды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға төмен. «Биылғы жылы сыбайлас жемқорлық көріністерінің азаюы байқалады, бұған полиция қызметкерлерінің жұмысына цифрлық технологияларды енгізу, профилактикалық жұмыс, ашықтықтық пен қолжетімділік принципін сақтау ықпалын тигізді. Полицияның халықпен іс-қимыл жасауының жаңа түрі тікелей қарым-қатынасты жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ІІО көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жартысынан астамы электронды форматқа көшірілді», - деп тоқтала кетті СҚО ПД ӨҚБ бастығы полиция подполковнигі Арман Атанов.
Сыбайлас жемқорлықты азайтуға жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған, енгізіліп жатқан техникалық жаңалықтар септігін тигізді. Петропавлда 7 көше қиылысында бұзушылықтарды тіркейтін интеллектуалдық жүйе мен 43 жылдамдық өлшеуіш бар. Патрульдік полицияның барлық қызметкерлері бейнетіркегіштермен, планшеттермен, автомашиналар – стационарлық бейнекамералармен жабдықталған. Сонымен қатар, халықпен ашық әңгімелесуге әлеуметтік желілердегі парақшалар да септігін тигізеді. СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың жеке аккаунтына 20 астам өтініш келіп түсті. Сонымен қатар, ашық әлеуметтік көздер арқылы ПД ӨҚБ бастығына, СҚО ішкі істер органдарының басқармалары мен аумақтық бөліністерінің басшыларына тікелей жүгінуге болады. Бұдан басқа, полицейлердің құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттері жайлы ПД ӨҚБ (61-26-89) сенім телефонына, «WhatsApp» нөмірі (+7-700-161-26-89) хабарламалар жіберу мүмкіндігі бар ұялы байланыстың сенім телефонына хабарласуға болады.