
Соңғы төрт күнде СҚО-да 7 интернет-алаяқтық тіркелді. 39 жастағы Тайынша ауданының тұрғынына аса көп шығын келтірілген. Әйел тегін хабарландырулар сайты арқылы жиһаз сатқан. Онымен қаскөй байланысқа шығып, сатып алуға дайын, әрі ол өзінің шоты ресей банкінде екендігін, төлем жасау үшін ЖСН мен карта нөмірін атауын айтқан. Сонымен қатар ол «жүк тиеушілер» келуі үшін мекенжайды айтуын өтінген. Телефон сөйлесулері барысында жәбірленуші сандар жазылған коды бар sms-хабарлама алған. Онымен әңгімелесуші әйел түбіртек толтыру үшін қажет сандарды атауын сұраған. Алаяқпен сөйлескеннен кейін жәбірленуші банкке қоңырау шалған. Банктен оның депозитінен үш кезеңмен 2 миллион 600 мың теңгеден астам барлық жиған қаражаты алынғанын хабарлаған. Деректерге қолжеткізгеннен кейін, қылмыскер интернет-банкингтің бар мүмкіндіктерін пайдаланған. SMS-хабарламадағы кодтар оған жәбірленушінің шотындағы операцияны растауына мүмкіндік берген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-б. «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
«Қылмыскерлер түрлі айла-тәсілдерді қолданады, олардың мақсаты жәбірленушінің жеке және қаржылық деректеріне қол жеткізу, -дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі полиция майоры Виталий Подчернин. — Петропавл қаласының 54 жастағы тұрғыны банктің қауіпсіздік қызметінен деп қоңырау соққандардың арбауына түсіп қалған. Қылмыскер әйелге оның шотынан біреулер барлық ақшасын аударып жатыр деп састырған. Қаражатты сақтап қалу үшін оны басқа шотқа ауыстыру қажет болған. Жәбірленуші картасының нөмірі мен sms-хабарлама кодты айтқан, содан кейін шын мәнінде оның депозитінен 700 мыңнан астам теңге жоғалған. Банк қызметкерлері осындай қоңырау соқпайтындығын адамдардың есіне саламыз. Клиенттің өзінен басқа ешкім шотындағы қаражатты басқара алмайды. Адамдардан сұрайтынымыз: ешкімге, қандай да бір жағдай болмасын құпия ақпаратты сеніп тапсырмаңыздар: банк карталарының нөмірі мен cvv-кодын, сонымен қатар карталар мен жеке құжаттардың фотосуретін жібермеңіздер, sms-хабарламадағы кодты айтпаңыздар. Абай болыңыздар, қаржы мәселесіне қатысты кез-келген ақпаратты мұқият тексеріңіздер».