
СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ВАЗ-2115 автокөлігін ұрлауда күдікті Петропавл қ. 22 жастағы тұрғынын ұстады.
Полицияға Петропавлда желтоқсанның 7-нен 8-не қараған түні Володарский көшесінде аулалардың бірінен күрең қызыл түсті ВАЗ-2115 маркалы көлігінің жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бағдар барлық патрульдерге жіберілді. Нәтижесінде, сағат 08:30-да құрамында СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Нарасан Әміржанов пен полиция лейтенанты Бахтияр Алпыспаев бар экипаж іздеудегі автокөлікті аудан орталығы Сергеевкадан алыс емес «Жезқазған-Петропавл» автожолының 794 шақырымында тоқтатқан. Рөлде 1998 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны болған. Оқиға орнына Шал ақын ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, жүргізуші автокөлікпен бірге аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжановтың айтуынша, аталған факті ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталған автокөлікпен бірге Петропавл қаласына жеткізіледі. Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталатын болады.