Петропавл полицейлері онлайн режимде заңгер-студеттерді полицияға қызметке дайындауда

Петропавл полицейлері онлайн режимде заңгер-студеттерді полицияға қызметке дайындауда

Солүстікқазақстандық полицейлермен 3305 қылмыстық іс электронды форматта тергелді. Полиция департаментінің қызметкерлері болашақ заңгерлерге анықтау және тергеу органдары жұмысындағы жаңа түрлер мен тәсілдер жайында айтып берді. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студеттеріне арналған кезекті сабақ «ZOOM» платформасысында өтті. ««Заңгер» клубы жұмысы аясында тәжірибелі қызметкерлер күнделікті жұмыстарында сотқа дейінгі тергеуді уақтылы әрі сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге көмектесетін көпжылдық тәжірибелерімен бөлісуде. Полиция ведомствосынан, анықтау және тергеу бөліністеріне жетекшілік ететін, СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембин клуб жетекшісі болып табылады.

Студенттік жастармен өзара тығыз қарым-қатынасты ұйымдастыру, нақты фактілермен құқықтық сауаттылықтарын арттыру үшін университетпен дуалдық оқу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бүгінгі күні құрамына тек студенттер ғана емес, сондай-ақ аталған оқу орнының түлектері кіретін клуб құрылды», - дейді Анықтау басқармасының бастығы Ербол Бектұров.

Погонды дәріскер Раушан Бәкееванің айтуынша, мұндай өзара қарым-қатынас өз жұмысының тиімділігін арттыруда тәжірибелі адамдарға да көмегін тигізеді.

«Сабаққа дайындалған кезде, біз қосымша жаңашылдықтарды зерделейміз, тіпті олардың кейбіреуі солтүстікқазақстандық полицейлердің тәжірибесінде болмауы да мүмкін. Бастысы, мұндай қарым-қатынас студеттерге тергушілер мен анықтаушылардың, криминалистер мен полиция қызметінің басқа да мамандарының жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Болашақ заңгердің кәсіби жолын таңдауға септігін тигізері сөзсіз, - дейді аға анықтаушы. Соңғы дәрістердің тақырыптары - қылмыстық істерді электронды форматта тергеу, есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ террористік сипаттағы қауіп туындаған кездегі қажетті іс-қимылдар».