Петропавл қ. ПБ алаяқтық туралы арызымен кәсіпкер келген. Жем қоспаларын сатумен айналысатын ол, жыл басында бухгалтерлік қызмет көрсететін ұйымдардың біріне жүгінеді. Ұйымның қызметкері салықтық аударымдарын жасауға көмектескен. Кәсіпкер салықтық аударымдарды жасап тұру үшін қызметкерге 300 мың теңгеден астам қаражат қалдырған. Кейін аталған қызмет түрін алу үшін тағы бірнеше рет жүгінген. Бірнеше ай өткен соң, кәсіпкердің салық бойынша көп берешек екені анықталған. Ұйым қызметкерлерінің біріне берілген 8 миллионнан астам теңге мемлекеттік бюджетке аударылмаған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-б. «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
«Күдіктіге, Петропавл қаласының 28 жасар тұрғынына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ Тергеу бөлімінің бастығы полиция майоры Нұржан Омаров. – Оның ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Егер кәсіпкерлер алаяқтықтың осындай түріне тап болса, Петропавл қ. ПБ хабарласуларын сұраймыз».
