Петропавлдық полицейлер есірткі қылмысы үшін жеті жылдан астам уақыт іздеуде жүрген 61 жасар әйелді ұстады

Петропавлдық полицейлер есірткі қылмысы үшін жеті жылдан астам уақыт іздеуде жүрген 61 жасар әйелді ұстады

Петропавл қ. Полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен есірткі қылмысын жасады деген күдікпен, жеті жылдан астам уақыт іздеуде жүрген 61 жасар әйел ұсталды.

Қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі қызметкерлеріне 2013 жылдан бері іздеуде жүрген әйел адамның Жұмысшы кентінде жасырынып жүргені жайында ақпарат келіп түсті. Сегіз жыл бұрын, 2012 жылы, қалалық полицейлер «героин» есірткі затын таратқан Петропавл қ тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеген. Тергеу барысында оның 1959 жылы туған анасының қатыстылығы да анықталды. Алайда тексеру барысында әйелдің үйінен белгісіз жаққа кетіп қалғаны анықталды; соңғы сегіз жылдағы оның тұрғылықты жерін ешкім білмеген.

Петропавл қ. КПБ бастығының орынбасары полиция капитаны Жасұлан Балдиковтың сөзінше, тексеріс барысында әйелдің жүрген жері туралы жедел ақпарат расталды. Ол Жұмысшы кентінің орталығында орналасқан жеке меншік үйлердің бірінен ұсталды. Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында 2012 жылы Қостанай қаласындағы алыс туыстарына кеткенін айтты. Соңғы төрт жылда - Петропавлдың Жұмысшы кентіндегі туысының үйінде қайта тұра бастаған. Осы жылдары үйден ешқайда шықпай, тәртіп сақшыларынан тығылып жүрген. Төрт жылда алғашқы рет жұмысымен танысының үйіне шығып, бірден полицейлермен ұсталды.

Қазір әйел Петропавл қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 259-бабы 4-б. бойынша (1997 жылғы редакцияда) Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліуде.