Петропавл полицейлері қаңғыбастар арасынан екі із-түссіз жоғалған адамды тауып алды

Петропавл полицейлері қаңғыбастар арасынан екі із-түссіз жоғалған адамды тауып алды
Күн райы суытып, аяз түсісімен тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға көмек көрсету мәселесі өзекті болып табылады. Күн сайын Петропавл қ. Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнының қызметкерлері олардың жиналуы мүмкін деген жерлер бойынша рейдтік іс-шара өткізеді. Жертөлелер, құдықтар, жылу трассалары, кәріздер, қоқыс орындары, базарлар, вокзалдар назарға алынады. Бұдан басқа, қала тұрғындарының хабарламаларына ден қойылады. Әр жеткізілген адам суретке түсіріліп, саусақ іздері алынып, "Образ ++" деректер базасына енгізіледі. Жыл басынан ТМЖ 165 адам есепке қойылды. "Қаңғыбастыққа бейім адамдар" санаты бойынша ҚР 596 азаматы тізімдік есепке қойылып, олардың жеке тұлғасы анықталды және деректер базасына енгізілді.

"Қаңғыбастардың басым бөлігі бірнеше рет жеткізіледі, - дейді Петропавл қ. ПБ ҚТО бастығы полиция майоры Адай Смайыл. - Әрқайсысының Әлеуметтік бейімдеу орталығына жүгінуіне мүмкіндігі бар. Қабылдау-тарату орны да, Жұмысшы кентінде орналасқан түнеу бөлімшесі де ТМЖ адамдарға медициналық пен құқықтық көмек көрсетуге дайын және үй-күйі жоқ адамдарға қыста сағат 18:00-ден 10:00-ге дейін паналауына мүмкіндік жасайды. Түнеу бөлімшесі 1 қазаннан өз жұмысын бастады, сол уақыттан бері онда орта есеппен 5-тен 15-ке дейін адам түнейді".

Барлығы 11 айда полицейлер 2320 рет үй-күйі жоқ адамдарды жеткізген.Іздеудегі 7 адам анықталды, оның екеуі із-түссіз жоғалғандар. Полицейлер: ТМЖ адамдар туралы ІІО, ҚТО кезекші бөлімінің 52-92-99 телефон нөміріне, немесе "102"арнасына хабарлауды еске салады.

СҚО ПД баспасөз қызметі