Тайынша ауданының үш тұрғыны ауылшаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлағаны үшін ұсталды

Тайынша ауданының үш тұрғыны ауылшаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлағаны үшін ұсталды
3 желтоқсанға қараған түні Тайынша ауданының полиция бөлімі қызметкерлері Чкалово с. маңында алқапта тұрған көлікті байқаған. Көлікті тексеру кезінде оның жүргізушісі мен екі жолаушысы қашып құтылмақ болған. Қашқындардың екеуі оқиға орнында, ал тағы біреуі келесі күні ұсталды. Көліктің жүксалғышынан ауылшарауашылық техникасының қосалқы бөлшегі мен металл бұйымдар табылды. Аталған мүлік аудандағы ауылшаруашылық құрылымдардың біріне тиесілі екендігі, оны қаскөйлер терезе арқылы қоймаға еніп ұрлағаны белгілі болды. Күдіктілер – 19, 20 мен 25 жас аралығындағы аудан тұрғындары. Олардың ішіндегі жасы үлкені бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілерге қатысты міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұрланған зат алынды.

«Ауылшаруашылық техникаларының қосалқы бөлшектері, жанар-жағармай материалдары, астық пен гербицидтер қаскөйлердің назарына жиі ілігеді - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтанов. — Осыған орай, аграрилерге өз мүлкін сақтау бойынша шаралар қабылдауды ұсынамыз».

СҚО ПД баспасөз қызметі