
Петропавл қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі 2020 жылдың 28 тамызында таңертеңгі сағат 08.00 шамасында үйінен «Жигули» саяжай қоғамында орналасқан саяжайына бармақшы болып шыққан, 1939 жылы 24 қаңтарда туған, Надежда Михайловна Агафонова іздестірілуде, қазіргі уақытқа дейін қайда екендігі белгісіз. Есте сақтау қабілетінен зардап шегеді. Белгілері: дене бітімі арықша келген, бойы шамамен 160-165 см, шашы ақшыл қысқа, көзі көк. Оның үстінде: қара шалбар, ұзын күрең қызыл күрте, қоңыр етік, басында көк орамал болған. Егер сізге оның қай жерде екендігі белгілі болса, 102 нөміріне хабарласыңыз.
Жоғалған адамдарды іздеу - криминалдық полиция қызметінің басымды бағыттарының бірі. Өңірдің ең ірі елді мекені - Петропавл қаласында жыл басынан бері із-түссіз жоғалған 27 азаматқа іздеу жарияланды. Олардың 26-ның жүрген жері анықталды. Бұрынғыдай, 28 тамызда жоғалған зейнеткер Надежда Агафонова табылмағандардың арасында қалады. Бағдарлар полиция бөлімшелерінің кезекші бөлімдеріне ғана ілініп қойылмай, сонымен қатар Полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында да жарияланды.
Жалпы, 11 ай ішінде облыс полицейлері жоғалған 90 азаматты іздестірді, оның 67-сі анықталды. Сонымен қатар, солтүстікқазақстандық полицейлер еріктілердің қатысуымен іздестіру ісін бастамастан 260-тан астам адамды, яғни олар жоғалған күннен кейін бір тәуліктің ішінде іздеп тапты.
СҚО ПД баспасөз қызметі