Петропавл қаласының тұрғынына экстремистік мазмұндағы материалдарды таратқаны үшін айыппұл салынады

Петропавл қаласының тұрғынына экстремистік мазмұндағы материалдарды таратқаны үшін айыппұл салынады

Петропавл қаласында тұратын әйел экстремистік сипаттағы материалдар таратқаны үшін айыппұл төлейді. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген кезде «ВКонтакте» желісінде СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни аудио файлдарды анықтады. Діни сараптама жазбада насихатталған кітаптарға тыйым салынғанын көрсетті. Аудиожазбаларда талқыланған туындылар соттың шешімімен экстремистік деп танылып, Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынған. Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 48 жастағы облыс орталығының тұрғынына ҚР ӘҚтК 453-бабы 2-бөлігі бойынша 20 АЕК айыппұл салып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ, СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек діни үйлерде, рухани, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты орын-жайларда таратуға жол беріледі. Солтүстік Қазақстан облысында осындай 15 нысан бар.