
Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында 13598 қару тіркелген. Полицейлер осы арсенал иелерін тұрғылықты жері бойынша үнемі тексеріп отырады. Бұл қарулы қылмыстың алдын алу шараларының бірі. Учаскелік полиция инспекторлары мен азаматтық және қызметтік қарудың айналымын бақылау бөліністерінің қызметкерлері тексеріс жүргізеді. СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Құрман Мусиннің айтуынша, қару-жарақ сақтау ережелерін бұзу көбінесе рейд барысында анықталады.
«Қаруды белгіленген үлгідегі сейфте сақтау керек: қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 мм. және еденге немесе қабырғаға мықтап бекітілуі тиіс, - деп еске салады ол. - Мұндай сейфте қару мен оның оқ-дәрілерінен басқа заттарды сақтауға болмайды. Ақша, құнды заттар мен құжаттарды басқа жерде сақтаған жөн. Облыс орталығының тұрғындары міндетті түрде сигнализация орнатулары тиіс. Жыл басынан бері 544 адам азаматтық және қызметтік қаруды алу, сақтау немесе тасымалдау ережелерін бұзуға жол берді. Сондай-ақ, 246 қаруды қайта тіркеу мерзімдерін бұзу фактілері анықталды. Әр қаруға рұқсат әр бес жыл сайын жаңартылуы керек. Бұл қызмет «электронды үкімет порталы» арқылы көрсетіледі. Біз барлық азаматтық қару иелерін осы процедураны бұзбас үшін уақытында орындауға шақырамыз».
Жалпы, жыл басынан бері қару иелері 851 заң бұзушылыққа жол берген. Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөліністерінің қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар заңсыз сақталған 61 қаруды тәркіледі. Полицейлер еске салады: егер адамның іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмаса, заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру жауапкершіліктен босатылады. Петропавлда азаматтық қаруға қатысты сұрақтарыңыз болса 8 (7152) 39-48-68 телефоны арқылы немесе «102» арнасына хабарласып кеңес ала аласыз.
СҚО ПД баспасөз қызметі