СҚО ПД командасы практикалық атыстан Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды

СҚО ПД командасы практикалық атыстан Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды

СҚО ПД бастығы Руслан Назаров практикалық атыстан Қазақстан Республикасының чемпионатынан күміс медальмен оралған полиция қызметкерлерін құттықтады.

Жарыс 10–11 қазанда Қонаев қаласында өтіп, оған күштік құрылымдардың өкілдері мен кәсіби спортшылардан құралған 130-ға жуық қатысушы жиналды. Солтүстік Қазақстан облысының намысын төрт полиция қызметкерінен құралған команда қорғап, тапаншамен атудан Open класында екінші орын алды.

Руслан Назаров команданы лайықты нәтижесімен құттықтап, қызметтік міндеттерді орындау кезінде қажет кәсіби дағдыларды үнемі жетілдірудің, дәлдік пен сабырлылықты шыңдаудың маңызын атап өтті.