Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әлібек Құжахметов Психикалық денсаулық орталығының директоры Дәуренбек Бисембаевпен жұмыс кездесуін өткізді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әлібек Құжахметов Психикалық денсаулық орталығының директоры Дәуренбек Бисембаевпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесуде ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған адамдарға қатысты келіп түсетін шақырулар мен хабарламаларға жедел ден қою, сондай-ақ ықтимал қауіп-қатер туындаған жағдайда тиісті қызметтердің әрекеттерін үйлестіру мәселелері талқыланды.

Ақпаратпен уақтылы алмасуға және туындаған жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз ету үшін іс-қимыл тәртібін келісуге ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтарға қажетті көмекті уақтылы көрсетуге бағытталған өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың маңызын атап өтті.