СҚО учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Қанғозин: "Тұңғыш Президентпен аттас болу - үлкен жауапкершілік"

СҚО учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Қанғозин: "Тұңғыш Президентпен аттас болу - үлкен жауапкершілік"

25 жасар полиция лейтенанты Нұрсұлтан Қанғозин жаңадан тағайындалған учаскелік полиция инспекторы. Ол үш ай бұрын көші-қон қызметінен ауысқан екен және қазіргі уақытта жаңа жұмыстың қыр-сырын игеруде.

"Жұмыс бағытында айырмашылықтар өте көп,- деді Нұрсұлтан.- Жұмыс уақыты нормаланбаған, қиын болғанымен, қызықтырады, адамдарға көмек көрсету қажеттілігі қатты сезіледі".

№7 учаскелік полиция пункті петропавлдықтарға "Северный" сауда үйімен белгілі ауданға қызмет көрсетеді. Халқы - 8890 ересек адам және 6041 бала. Учаскелік полиция инспекторының міндеттеріне қылмыстың алдын алу жатады, сондай-ақ жас қызметкер есептегі адамдарды, яғни бұрын істі болғандарды, тұрмысы қолайсыз отбасыларды зерделейді. Ерекше есінде қалған сәбиі бар жас отбасы туралы айтып берді. Бұл отбасымен Нұрсұлтан ең алғашқы профилактикалық әңгімесін жүргізген екен. "Ойымды жинақтау оңайға соққан жоқ, отбасымызда үлкендерді сыйлатынымыз ойыма келді - деді ол. Мен оларға бір-біріне ренжудің орнына арадағы бала туралы ойланғандарын жөн дедім. Бұлай жалғасатын болса, баланың есейгесін ата-анасы туралы ойы қандай болмақ? Сіздерді сыйлай ма?". Бұл сөздерім ой салып, отбасыда жанжалдың тоқтайтынына үміттенемін".

Полиция лейтенанты Қанғозиннің адамдармен тіл табысуы, қиын жағдайларда көмекке келу сияқты қасиеттерін бұрынғы басшылығы да байқаған. Ширек ғасыр бұрын есімін Ұлт Көшбасының құрметіне әжесі қойған Нұрсұлтан:"Тұңғыш Президентпен аттас болу- үлкен жауапкершілік, өйткені оның есімі бейбітшілік, бірлік, ынтымақ сияқты сөздерімен ұштасады. Қоғамымызды біріктіретін құндылықтарды нығайту полицейлердің басты мақсаты. Мен өмірлік кәсібімді таптым және Тұңғыш Президент күні барлық қазақстандықтарға да дәл соны тілеймін".