Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 35 солтүстікқазақстандық тәртіп сақшысы марапатталды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 35 солтүстікқазақстандық тәртіп сақшысы марапатталды

Полиция департаментінде барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай марапаттау рәсімі болып өтті. Мемлекеттік мерекеге алдын ала дайындалған: өткен аптада облыстық полиция ғимаратында Нұрсұлтан Назарбаев туралы шығармалардың кітап көрмесі қойылды.

Тұңғыш Президент күні – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды күн, бұл жалпыұлттық ынтымақ, бірлік күні деп атап өтті СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев. Бүгінгі таңда, дүниежүзін пандемия жайлаған кезде, ішкі істер органдарының күштері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға және карантиндік іс-шараларды қамтамасыз етуге бағытталған. «Полиция департаментінің жеке құрамы халықтың және Мемлекет басшысының сенімін ақтау үшін бар күш-жігерлерін жұмсайтынына сенімдімін. Осынау мереке күні, мінсіз қызметтері үшін көптеген қызметкерлерімізге алғыс білдіргім келеді», - деді Марат Сағынтайұлы.

Медальдар, төс белгілер, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар – қиын да жауапкершілігі зор қызметтегі табыстары үшін 35 офицер мен сержант марапатталды. Марапатталғандардың арасында – полиция капитаны Азамат Жамұқов бар. Азамат ішкі істер органдарында 2009 жылдан бастап қызмет атқарады. Қазіргі лауазымы – СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы. Оның қызметтік міндетеріне жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмысты бақылау және ұйымдастыру кіреді. Мерекеге орай ол «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Азамат Жамұқовтың айтуынша, медальмен мараптаттау ол үшін зор құрмет. Бұл марапаты алдағы уақытта да қызметін үлгілі атқаруға ынталандырары сөзсіз.

Сонымен қатар, марапатталғандардың қатарында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция капитаны Шамиль Изтулин де бар. Ол да ішкі істер органдарында 2009 жылдан қызмет атқарады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында офицерге «2 дәрежелі ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісі табыс етілді. Шамиль Изтулин басшылыққа сенім артқаны үшін алғыс білдіріп, жерлестері мен әріптестерін мерекемен құттықтайды.