
Петропавл қаласы Полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері бір апта ішінде күніне екі рет қаланың ең көп адам жүретін жерлеріне шығып тұрды. Қызу жұмыс уақытында: сағат 12-ден 14-ке дейін, сондай-ақ 18-ден 20-ға дейін полицейлер қала тұрғындарына қауіпті инфекциямен күресу туралы, санитарлық дәрігерлердің барлық талаптары мен ұсынымдарын қатаң сақтау қажеттілігі туралы әңгімелер жүргізіп, парақшалар мен буклеттер таратты. Петропавл қаласы ПБ бөлімше бастығы полиция майоры Эльмира Абушева атап өткендей, көрнекі үгіт-насихат парақшаларын таратуға қалалық ювеналдық полицияның жеке құрамы түгел тартылған. Апта ішінде мыңнан астам жаднама таратылды.
Петропавл қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, ювеналдық полиция қызметкерлерінен басқа, соңғы апталарда жаднамаларды қалалық Полиция басқармасының жанындағы ерікті жасақ мүшелері, учаскелік инспекторлар, сондай-ақ күнделікті полицияның кешенді күшінің құрамында күнде көшені патульдеуге түсетін қызметкерлер де таратқан.
Құқық бұзушылықтардың алдын-алу шаралары парақшаларды таратумен ғана шектелмейді: Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 23 қарашада бүкіл ел бойынша бастау алған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмысын жалғастыруда. Операцияға күн сайын 650-ден астам полицейлер мен әскери қызметкерлер тартылады. Негізгі міндет - қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Облыста «Құқықтық тәртіп» барысында 45 қылмыс тіркелді, олардың көпшілігі тәуліктік кезекшілік барысында ашылды. 2224 түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 122 фактісі кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында болуы немесе үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүруі.