
Мал бағу ережесін бұзу салдары Тайынша ауданындағы жолдағы келеңсіз жағдайға әкелді. Петропавлдан астанаға баратын жол бойында жылқылар қараусыз шашыраңқы бос жүрген. Жолға біреуі жүгіріп шығып, «МАЗ» көлігінің астына түседі, жүргізуші шара қабылдап үлгермеген. Бұл жағдай Обуховка ауылының маңында таңғы сағат 8-де болған. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі болған жағдай туралы «102» арнасында хабарлады.
Полиция қызметкерлері малды қараусыз қалдырған аудан тұрғынын анықтады. Оған қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Еске сала кетсек, ауыл шаруашылығы малдарын жаю ережелерін бұзғаны үшін ескерту немесе айыппұл түрінде ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ, Горький ауылының тұрғыны жолдағы жағдай үшін жауапкершілікке тартылады.
«Жолда бос жүрген мал - жол қозғалысына қатысушылар үшін үлкен қауіп болып табылады. Үнемі мал иелерімен түсіндіру әңгімелері мен ескертулер жүргізіліп тұрады. Қаңғыбас мал тек материалдық шығынға әкеліп қана қоймай, сонымен қатар адам өлімімен аяқталатын жол-көлік оқиғаларын тудыруы мүмкін», - дейді Тайынша ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтанов.
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 300-ден астам адамға мал жаю ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Жануарларды соғу салдарынан екі адам жарақат алды.