СҚО-да мас күйде рөлге отырған екі жүргізуші УҰИ қамалды

СҚО-да мас күйде рөлге отырған екі жүргізуші УҰИ қамалды

Екі солтүстікқазақстандық көліктерін масаң күйде тізгіндегені үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екеуі де бұрын ащы суды ұрттаудың кесірінен басқару құқығынан айырылған. Дегенмен, барар жерге көлікпен жету, ішімдікке әуестіктік әдеті қалмаған. 26 қарашаның таңында Шал ақын ауданындағы ауылдардың бірінде полицейлер 35 жастағы жергілікті тұрғын басқарған "ВАЗ 21102" көлігін тоқтатқан. Ер адам жұмысқа бара жатқанын түсіндірген. Одан ішімдіктің иісі шыққан. Тексеру барысында сот 2018 жылы оны көлікті басқару құқығынан айырғаны анықталды. Бір күн бұрын сағат 22 шамасында патруль тоқтатқан Тайынша ауданынан 37 жастағы кәсіпкер "Nissan Premier" көлігімен жеке шаруасы бойынша жүрген. Өткен жылы оған автокөлікті жүргізуге тыйым салынған. Ол да рөлге масаң күйде отырған. Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Екі көлік те айып тұрағына қойылды.

"Масаң күйдегі жүргізушілерге қатысты қатаң шаралар көзделген, - деп тоқтала кетті СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. - Бұл әсіресе, бұрын жауапқа тартылған, заңнама талаптарын қасақана елемейтін, қоғамға қауіпті құқық бұзушылықтарды қайталап жасайтындарға қатысты. Олар айыппұлдан бастап өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауаптылыққа тартылады. Осындай фактілер рейдтік тексеріс, жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында анықталады. Қазіргі уақытта облыста "Құқықтық тәртіп" ЖПІШ өткізілуде, операция аясында басқару құқығынан айырылған 3 мас жүргізуші тоқтатылды. Маса күйде көлік жүргізудің тамырына балта шабуды түсінген маңызды".