Қосымша іс-шараларды өткізе отыра, СҚО полиция ведомствосының басшысы қылмыстық істердің толық тергелуін қамтамасыз етуді тапсырды. Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні шеңберінде Полиция депатаментіне сотқа дейінгі тергеу фактілері бойынша жүгінген солтүстікқазақстандықтармен онлайн-диалогқа полиция полковнигі Марат Төлебаев шықты. «Келіп түскен әр өтініш бойынша жан-жақты тексерулер жүргізу қажет. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» принципі әр басшының басты критериіне айналуы тиіс. Біздің міндетіміз – азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған әділ тергеуді қамтамасыз ету», - деп атап өтті Марат Сағынтайұлы.
СҚО ПД бастығына 300 мың теңгесінен айырылған Петропавл қ. 47 жасар тұрғыны жүгінді. Бұл соманы ол машина сатып алуға көмектесемін деген Алматы облысының тұрғынына аударған. Петропавлдықтың аңғалдығынан жылдан аса уақытқа созылған мәселе туындады. Сотқа дейінгі тергеу мерзімі тоқтатылған. Марат Төлебаев тергеудің толықтығын қамтамасыз етіп, қылмыстық істі қайта қарауды тапсырды. Оңтүстік өңірінің тұрғынын анықтап, жауап алу қажет. Барлық қажетті жедел - тергеу іс-шараларының нәтижесі бойынша ғана процестік шешім қабылдансын», - деген таспырма берілді.
Тағы бір қалалық көршісімен болған дау-жанжал фактісі бойынша шешіммен келіспейтінін айтқан. Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша облыстық ПД қызметкерлерінің Тайынша ауданындағы ауыл шаруашылық техникасына қатысты көршілер арасындағы дау-жанжал фактісі бойынша қосымша тергеу амалдарын жүргізуі қажет. СҚО ПД-нің «Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі» алаңында онлайн-формат арқылы барлығы 5 адам болды. Сондай-ақ, аумақтық полиция бөліністерінің басшыларына виртуалды байланыс арқылы жүгінген солтүстікқазақстандықтар да өз мәселелерінің шешімдерін тапты. Бүгін барлығы 50 адам жүгінді. Онлайн-қабылдаулар өткізу тәжірибесі індет кезінде енгізілді. Бұл, шектеу шараларына қарамастан, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етіп, халықпен байланыста болуға мүмкіндік береді.
