Солтүстік Қазақстан облысында балалы әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспанаға орналастырылды

Солтүстік Қазақстан облысында балалы әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспанаға орналастырылды

25 қарашадан бастап СҚО полицейлері «Әйелдерге зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясына қатысуда. Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар тартылды. Учаскелік полиция инспекторлары күнделікті өмірде құқық бұзушылық жасауға бейім адамдар мен тұрмысы төмен отбасыларды тұрғылықты жері бойынша қарқынды тексерулер жүргізуде.

Мамлют ауданындағы ауылдардың бірінде тәртіп сақшылары жақында басқа облыстан көшіп келген отбасын тексерді. Үйде үш баласымен 35 жастағы әйелі болған. Әйелді ұрғанның белгілері айқын көоініп тұрған. Алғашында ол жарақаттарын сәтсіз құлаудың салдарынан болғанын айтуға тырысты, бірақ полицейлермен сөйлесе келе кейін ол күйеуінің жұдырығынан жиі зардап шегетінін мойындады. Кезекті таяқтаулардың бірінде қол-аяғы сынған. Күйеуіне арыз жазуға әйелдің батылы бармады. Алайда, учаскелік инспекторлар жағдайды түзете алатын шара қабылдады. Қазір ол балаларымен, ең кішісі алты айлық нәрестесімен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының баспанасын паналауда. 44 жастағы жұбайына қарсы қорғау ұйғарымы шығарылды - келесі алты айда оған әйелімен кездесуге және оны қудалауға тыйым салынды. Сондай-ақ, ол кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Отбасы есепке қойылды.

«Біз осы шаралардың жеткілікті екендігіне және жанжалқойдың түзу жолға түсетіндігіне сенімдіміз, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының аға инспекторы полиция майоры Әсия Әбжанова. — Отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы жасырын мінез-құлық оларды алдын алуда қиындық туғызады. Әйелдер өз құқықтарын білмей, көбіне отбасындағы езушімен татуласады. Сондықтан ақпараттық-түсіндіру жұмысына көп маңыз бөлуге тура келеді. Адамдар көп жүретін жерлерде ақпараттық плакаттар мен билбордтар орналастырылды, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жадынамалар мен бүктемелер таратылады».

СҚО-да жыл басынан отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 54 қылмыс жасалып, 1647 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 1908 қорғау ұйғарымы шығарылды, құқық бұзушының мінез-құлқына 431 ерекше талап белгіленді. 265 тұрмысы қолайсыз отбасы есепте тұр. Профилактикалық жұмыс ұдайы негізде жүргізіледі.