
Қазіргі уақытта СҚО аумағында жақын шетелдің 100 еңбек көшіп-қонушысы бар, олар 3 айдай визасыз ҚР аумағына келе алатын азаматтар. Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайджан, Молдова, Украина және Грузия елдері жайлы сөз болмақ. Жұмысқа орналасуға рұқсат мерзімі 12 айға дейін ұзартылуы мүмкін, кейін еңбек көшіп-қонушыға елден шығуға тура келеді.
«Карантиндік шектеулерге байланысты қолдану мерзімі 16 наурыз бен 1 қараша аралығында өтіп кеткен еңбек көшіп-қонушылардың рұқсаты жарамсыз деп танылды, - дейді СҚО ПД КҚҚБ аға инспекторы полиция аға лейтенанты Еділ Қазиев. — Басқаша айтқанда, Қазақстаннан шыға алмаған көшіп-қонушылар қағидаларға сәйкес құқық бұзушылар болып танылмайды. Алайда, енді ол мерзім өтті. Құқық бұзушы болып танылмауы үшін шетелдіктер өздерінің құқықтық мәртебесін реттеуі тиіс. 1 қарашадан бастап «Еңбек көшіп-қонушыға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызметі осындай рұқсат негізінде 12 ай Қазақстанда болған адамдарға ұсынылмайды».
Аталған қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі. Полицейлер: көші-қон қызметінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру және азаматтық алу мәселелері бойынша мына телефон нөмірлеріне: 34-00-35, қызу мәселелер бойынша 34-00-23 хабарласып, немесе Жабаев к-сі, 71-а мекенжайындағы Көші-қон қызметі орталығындағы фронт-офиске жүгініп ақыл-кеңес алуға болатынын еске салады. Бұдан басқа, Көшіп-қонушыларға жәрдемдесу орталығында өзге елдердің азаматтарына құқықтық қолдау көрсетуге дайын. Қоғамдық ұйымның байланыс телефоны - 46-13-26.
Жыл басынан СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері 1468 еңбек көшіп-қонушыға рұқсат берді және мерзімін ұзартты.