СҚО полиция жанындағы Консультативтік-кеңесші органның отырысы қашықтықтан өткізілді

СҚО полиция жанындағы Консультативтік-кеңесші органның отырысы қашықтықтан өткізілді

СҚО Полиция департаментінде Консультативтік-кеңесші органның осы жылы соңғы отырысын өткізді. Іс-шара қашықтықтан өткізілді: отырысқа «оффлайн» режимінде Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов бастаған төрт мүшесі және Полиция департаменті басшылығының өкілдері қатысты. Басқа қатысушылар кездесуге бейнеконференция байланысы режимінде қосылды. Іс-шарада есірткі қылмысына, экстремизмге, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ ІІО жаңғырту мәселелері талқыланды.

Кездесуде полиция ведомствосының ақпараттық жұмысы да назардан тыс қалмады. Консультативтік-кеңесші органның мүшелері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының үгіт-насихат жұмысын атап өтті. Instagram және Facebook желілеріндегі «upn_dp_sko» аккаунтында 7 мыңнан астам жазылушысы бар. Контенттің танымал болуы – сапасында. Айта кетсек, екі жыл бұрын жасалған «Тұздар мен спайстар. Қайтып келмес жол» деректі фильмі телесериалдарымен аты шыққан «Legio Felix» мәскеулік кинокомпаниясын қызықтырған. Компания өкілдері ювеналдық полиция туралы сериал түсіру кезінде фильмнің кадрларын қолдануға рұқсат сұрады. Бұл нашақорлықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілікті түсіндіру, ата-аналар мен педагогтарға кеңестерді полицейлер барынша түсінікті етіп жеткізуге тырысатынын көрсетеді. «Қылмыскерлер есірткі қылмысына әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатын жастарды тартуды көздейді, - деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Осы орайда, нашақорлықпен күресте Интернет желісінде өткізілетін алдын алу іс-шаралары аса маңызды. Салауатты өмір салтын насихаттаудан бөлек, біз веб-кеңістікке мониторинг жүргіземіз, жыл басынан ҚР ІІМ бұғаттау үшін есірткі ресурстарына 45 сілтеме жіберілді».

Ішкі істер органдарын модернизациялау талқыланды. Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Наталья Калининаның айтуынша, бос орындардың есебінен Солтүстік Қазақстан полициясында 283 штат қысқартылған. Бірқатар бөлімшелер оңтайландырылды және Жергілікті полиция қызметін қайта құру жоспарлануда. Еліміздің жетекші отыз жоғары оқу орындарымен кәсіби кадрларды даярлау туралы меморандумдарға қол қойылды. Полиция үшін ерекше функцияларды қоспағанда, бұрын полиция күзеткен 32 объекті бәсекелес ортаға берілді, тіркеу және емтихан алу бөліністері таратылды - олардың функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді. Учаскелік инспекторларды бейнетіркеуіштермен жабдықтауға, қызметкерлердің жұмыс орындарында бейнебақылау орнатуға дайындық жасалуда.

ККО мүшелері полицейлерге жаңғырту аясында басталған өзгерістерді жалғастыруға, ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуге кеңес берді. СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев: «Заңнан хабары бар, өзінің заңды құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінетін адам көптеген қылмыстық қолсұғушылықтан сақтанып, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық әрекеттерді жасауға бармайды. Ақпараттық жұмыс қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы басымдықтардың бірі болып қала береді», - деп тоқтала кетті.