Бір апта ішінде 221 қылмыс: солтүстікқазақстандық полицейлер әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы жедел жағдайды баяндады

Бір апта ішінде 221 қылмыс: солтүстікқазақстандық полицейлер әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы жедел жағдайды баяндады
Солтүстікқазақстандық полицейлер Instagram және Facebook-тың тікелей эфирінде тікелей онлайн-брифинг өткізді. Тәртіп сақшылары желі қолданушыларын өткен аптағы жұмыстың қорытындысымен таныстырып, атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып, желі арқылы түскен сұрақтарға жауап берді.

Ведомствоның жедел-қызметтік жұмысының бір аптадағы қорытындысы жайлы Полиция департаменті Штабының бастығы полиция полковнигі Сәуле Андағұлова айтып берді. Өңірдегі жедел жағдай тұрақты және ұдайы бақылауда. Барлығы өткен аптада облыста 221 қылмыс тіркеліп, 92% ашылды. Жамбыл ауданында орын алған адам өлтіру резонанстық қылмыс болып отыр. 22 қараша күні аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Баян аулында адам өлтірілгені туралы хабарлама түседі. Жедел-тергеу тобы ішімдік ішу барысында туындаған жалжалдың салдарынан, 1982 жылы туған аудан тұрғыны өзінің 27 жасар інісіне пышақ салып алғанын, оның алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын анықтады. «Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады», - деп полиция полковнигі Сәуле Андағұлова хабарлады.

Өткен аптада да жолдарда апаттылық деңгейі жоғары болды. 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 2 адам көз жұмып, 10 адам жарақат алды. Адам өліміне алып келген екі жол апаты да қала маңындағы тас жолда орын алды. Петропавл қаласының жолдарында 4 апат жасалды, нәтижесінде 3 адам зардап шекті. Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция капитаны Азамат Жамұқов жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары туралы толығырақ айтып берді. Петропавл қаласы Полиция басқармасының жұмысы туралы - қалалық полицияның жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айдын Ақмағамбетов хабарлады. Тікелей эфир барысында жиырмаға жуық сұрақтар келіп түсті. Қолданушылар саяжайлардағы ұрлықтың алдын алу тақырыбын көтеріп, ксенон фарларын пайдалану ережелерін, сондай-ақ жол белгілерін орнату тәртібін түсіндіруді сұрады.

«Онлайн-брифинг барысында мен «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижелері жайлы айттым. Жол қауіпсіздігі саласында төрт сұрақ қойылды, патрульдік полицияның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар жасалды. Біз бұл ұсыныстарды ескеріп, өз жұмысымызда қолданамыз», - деп эфир соңында полиция капитаны Азамат Жамұқов айтып өтті.

Барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, полицейлер тұрақты түрде ведомствоның ресми аккаунттарында құқықтық түсіндіру және ақпараттық стримдер өткізуді жоспарлап отыр.