
Есіл ауданының 2 тұрғыны бөтен көлікті иемденуге мұқият дайындалған. Н.Назарбаев көшесіндегі бір үйдің ауласында тұрған «Toyota Land Cruiser» автокөлігі олардың көздеріне түседі. Түн жарымда өздерінің аккумуляторымен көлікті от алдырып, көзге түспей ауладан шығып кетеді. Көлік иесі темір тұлпарының жоғалғанын байқап, «102» арнасына қоңырау шалады.
Бағдар бірден барлық бекеттер мен автопатрульдерге жіберілді. Полицейлер жол талғамайтын көліктің қозғалыс жолын анықтап, жолдарды, ормандар мен дала жолдарын бақылауға алған. Айдап әкеткен джипқа ұқсас көлікті Боголюбово ауылына апарар жолда байқаған. Жылдамдықты асырып өткен көліктің соңында сұр «Ауди» болған. Ары-бері шығып, кедергі жасаған «Ауди» жүргізушісі полицейлерге көлікке жақындатпады. Алайда, қаскөлердің айласы жүзеге аспады. Соңына түсіп қуу нәтижесінде полицейлер бұрын сотталған Есіл ауданы Покровка ауылының 1995 жылы туған тұрғынын «Toyota Land Cruiser» көлігінде ұстады. Іздестіру нәтижесінде полицейлер Новоникольское ауылының маңындағы орманда жасырылған сұр «Ауди» көлігі анықтады. Жүргізуші - бұрын сотталған Покровка ауылының 1986 жылы туған тұрғыны іздестірілуде. Аталған факті 188-баптың 3-бөлігі «Ірі көлемде жасалған ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.