Петропавл полицейлері шинажинақтау шеберханасынан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Петропавл полицейлері шинажинақтау шеберханасынан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Қызылжар ауданының 27 жастағы тұрғыны «Audi-100» көлігінің дөңгелегіне жел бермек болып, Петропавл қаласындағы шинажинақтау шеберханаларының біріне келген. Ол кеткеннен кейін, шеберхана жұмысшысы сатуға қойылған бұрын пайдаланылған стеллажда тұрған 4 шинаның жоғалғанын байқаған. Жұмысшы ер адамды тоқтатып үлгере алмаған соң, кәсіпорын иесіне болған жағдай туралы хабарласқан, ол полицияға жүгінген. Келтірілген шығын 20 мың теңгені құраған. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде облыс орталығының Бірінші полиция бөлімі қызметкерлері күдіктіні анықтаған, келесі күні ол Солнечный кентіндегі блок бекетте ұсталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу туралы мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Күдіктінің айтуынша, жұмысшы басқа іске алданған уақытында ұрлық жасау ойына келген.

«Қылмысты ашуға шебердің қырағылығы, сондай-ақ кәсіпорындағы бейнебақылау камерасы септігін тигізді, - деп нақтылап кетті Петропавл қ. ПБ Бірінші ПБ бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжанов. – Ұрланған зат күдіктінің үйінен алынды және қажет ресімдер өткізілгеннен кейін иесіне қайтарылады».