СҚО тұрғыны бүлдіршінді ауруханаға жедел жеткізген патрульдік полицейлерге жүрекжарды алғысын айтты

СҚО тұрғыны бүлдіршінді ауруханаға жедел жеткізген патрульдік полицейлерге жүрекжарды алғысын айтты

16 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Нұрсұлтан Аушахманов пен Азамат Шүгенов Сергеевка-Петропавл тас жолында қызметін атқарып жүрген. Аудан орталығы Явленканың маңында олар жолда тұрған «Wolkswagen Passat» автомобилін көріп, көмек қажет пе екен деп тоқтайды. Жағдай шұғыл шараларды қажет ететін болып шығады. Шал ақын ауданының тұрғыны Берік Жамұқов көлікті жүргізіп келе жатқан. Ол Петропавлға мектепте оқитын қызымен бірге әйелді апара жатқан. Қызда соқыр ішек белгілері болған: өткір ауырсыну және жоғары температура, ал автокөліктің ілінісі сынып қалған ...

Полицейлер дереу әйел мен баланы патрульдік көлікке отырғызып, кезекшімен байланысқа шығып, бағыттан кету қажеттігін айтып ескертеді. Көктайғақ жағдайында жолды қараусыз қалдыру қауіпті болды. Кезекші екінші экипажды оларға қарсы жіберді. «Ең қиыны қызды екінші көлікке отырғызу болды, - деп Нұрсұлтан Аушахманов есіне алады, - бірақ ол ауырып тұрғанына қарамастан өзін-өзі ұстады. Новоникольский ауылының маңында біз шалақындықтарды көмекке келген әріптестеріміз Антон Жежере мен Мирас Омаровқа тапсырдық. Өзіміз қызмет етіп жүрген жерімізге оралып, «Wolkswagen» көлігін сүйреуге кірістік - Шал ақын ауданынан оның ауылдасы қарсы келе жатты». Келесі күні Берік Жамұқов Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың атына алғыс хат жазып, онда патрульдік полиция қызметкерлеріне «мықты денсаулық, отбасыларына амандық және жұмыстарына сәттілік» тіледі.

Облыстық полиция ведомствосының бастығы патрульдік полиция халықпен тығыз байланыста жұмыс жасайтын бөлімшелердің бірі екенін және ішкі істер органдары жайлы пікірлері патрульдік полиция батальонының қызметкерлері арқылы қалыптасатынын атап өтті. «Учаскелік инспекторлар туралы да осыны айтуға болады, - дейді Марат Төлебаев. - 17 қарашада Департаменттің поштасына Подгорный ауданына қызмет қызмет көрсететін №2 учаскелік полиция пунктінің қоғамдық кеңесінің мүшесі Қуаныш Рамазановтан хат келді. «Мен учаскелік инспекторлардың жұмысын өз көзіммен көрдім», - деп жазыпты қала тұрғыны. «Олар халықтың құрметіне және ризашылығына ие болды, әрдайым азаматтардың өтініштеріне жауап береді, жұмысты барынша жақсы орындауға тырысады». Мұндай ризашылықпен айтылған сөздер қызметкерлердің кәсіби шеберліктерінің бағалануы және одан әрі қызмет атқаруға керемет эмоционалды ынталандыру болып табылады».