Жыл басынан СҚО полиция басшылығының жеке қабылдауында 152 адам болды

Жыл басынан СҚО полиция басшылығының жеке қабылдауында 152 адам болды

Жыл басынан СҚО Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың қабылдауында 101 адам болған. Бұл жұмыс ұдайы бақылауда: облыстық полиция басшысы азаматтарды қабылдауды әрбір сәрсенбі өткізеді, мәселені өз құзыреті шегінде жылдам шешу үшін қабылдауға бөлініс басшылары қатысады.

Солтүстікқазақстандықтар полиция басшылығына қылмыстық істерді тергеу, сондай-ақ ІІО жұмысқа орналасу тәртібі сияқты бағыттар бойынша жиі жүгінеді. Дей тұрғанымен, анықтау, жергілікті полиция қызметі желілері бойынша да сұрақтар келіп түсіп жатады. Әрбір сұрақ мұқият қарастырылып, жазбаша жауап беріледі.

СҚО ПД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қожантаеваның ақпараты бойынша ағымдағы жылдың 10 айында 2852 сауал, оның 1772 облыстық полиция басшылығының атына келіп түскен. Басшылықтың жеке қабылдауында 152 адам болған, оның 101-ін СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев, 51-ін орынбасарлары қабылдады. Қазіргі уақытта карантиндік шектеулерге байланысты азаматтарды қабылдау «Азаматтарды қабылдау» алаңдарында бейнебайланыс режимінде өткізіледі. Облыстың бас полицейінің қабылдауына 8 (7152) 39-40-20, 39-41-63 телефондары арқылы жазылуға болады. Полиция бөліністері басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі полицияның әкімшілік ғимараттарында орналастырылған. Бұдан бөлек, СҚО ПД бастығы орынбасарларының байланыс мәліметтері – ведомствоның кіші порталында жарияланған («Департамент туралы» бөлімі, «Құрылым» кіші бөлімі : https://bit.ly/3noTpPy). Facebook әлеуметтік желісінде 2019 жылдың 1 маусымынан СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың ресми парақшасы жұмыс істейді, парақшаға полиция құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша жүгінуге болады.