«Мың бір міндеттің жұмысы»: учаскелік инспектор Шыңғысхан Бекеновтің бір күні

«Мың бір міндеттің жұмысы»: учаскелік инспектор Шыңғысхан Бекеновтің бір күні

Учаскелік полиция пунктінің терезесіндегі жарық таңсәріден жанады. Кешке дейін сөнбейді.

Петропавл қаласында 14 учаскелік полиция пункті бар. Ондағы қызметкерлер тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істеп, мазасыз шақыртуларға алғашқылардың бірі болып барады. Әртүрлі жағдайлар, жоғары жауапкершілік, сан алуан жастағы және түрлі әлеуметтік ортадағы адамдар — учаскелік инспектор бір мезетте дипломат, психолог әрі шыдамды маман бола білуі керек. Бұл қызметті білетіндер бекерге «мың бір міндеттің жұмысы» деп атамайды.

№13 учаскелік полиция пунктінде 2018 жылдан бері 32 жастағы полиция капитаны Шыңғысхан Бекенов қызмет атқарады. Оның қызмет көрсететін аумағына қаланың солтүстік бөлігі кіреді: жаңа тұрғын үйлер, үлкен шағынаудандар, жеке сектор және шамамен 6 мың тұрғын. Учаскелік инспектор өз аумағындағы ахуалды, әр мәселенің мән-жайын жақсы білуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және тұрғындарды жүзінен тануға ұмтылады.

Жұмыс күні ерте басталып, кеш аяқталады: азаматтарды қабылдау, шақыртуларға шығу, жедел-профилактикалық іс-шаралар, аулаларды және пәтерлерді аралау. Учаскелік инспекторлар үнемі байланыста жүреді — шұғыл шақырту тәуліктің кез келген уақытында түсуі мүмкін. Ал тұрғындармен, мүлік иелері бірлестіктерінің төрағаларымен және пәтер иелерімен ортақ чаттар тәулік бойы тоқтамайды.

Шыңғысхан өз мамандығын мақтан тұтатынын және офицерлік форманы абыроймен киетінін айтады.

Учаскелік пункттің терезесіндегі жарық жанып тұрса — демек, бәрі бақылауда.