ІІМ республикалық турнирінің қола жүлдесі — СҚО полиция қызметкерінде

ІІМ республикалық турнирінің қола жүлдесі — СҚО полиция қызметкерінде

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бокстан республикалық турнирі аяқталды. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 25-тен астам команданың құрамында 200-ден аса спортшы қатысты.

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жедел әрекет ету арнайы жасағының аға инспекторы, полиция капитаны Нұрсұлтан Жақыпов иеленді.

Қызметкерді лайықты нәтижесімен құттықтап, шаршы алаңда да, қызметте де жаңа жеңістер тілейміз!