
Семей қаласында аты аңызға айналған «Қара майор» Борис Керімбаевты еске алуға арналған практикалық ату бойынша Қазақстан Республикасының турнирі өтті. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 12 команданың құрамында 92 спортшы қатысты.
Жалпыкомандалық есепте үшінші орынды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері иеленді. Олар: полиция капитаны Жанат Баймұхамбетов, полиция майоры Қайрат Ахметов, полиция майоры Алтынбек Ахметжанов және полиция аға лейтенанты Александр Солодушкин.
Сонымен қатар Александр Солодушкин жеке есепте де қола жүлдегер атанды.
Жауынгерлерді лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз!