
Құрамында полиция қызметкерлері, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, прокуратура және әкімдік қызметкерлері бар мониторингтік топтар ҚР ӘҚБтК «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» 425-бабы бұзушылықтарының алдын алу бойынша рейдтер жүргізуді жалғастыруда. Профилактика мен түсіндіру жұмыстарына басымдық беріледі. Объектілерге барған кездерінде полицейлер мен санитария қызметтерінің мамандары бетперделердің және қолғаптардың болуын тексереді, карантиндік шараларды сақтау бойынша қажетті құжаттамалардың мазмұнымен танысады. Осылай, 2-ші Заречная көшесі бойындағы дүкендердің бірін тексеру барысында құжаттама журналы мүлде болмай шықты. Ұқсас бұзушылықтар Интернациональный көшесі бойында орналасқан екі дәмханада да орын алған. Ал Жамбыл көшесіндегі дәмханалардың бірінде мониторингтік топпен санитарлық нормалардың бұзушылығы анықталды: дәмхана демалыс күні келушілерді қабылдаған. Өткен аптада облыс бойынша санитарлық нормаларды сақтау желісі бойынша барлығы 88 құқық бұзушылық анықталды, оның 70-і жеке тұлғалар, 18-і заңды тұлғалар тарапынан жасалған.
СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматовтың айтуынша, гигиеналық нормалардың сақталуына кенеттен рейдтер жүргізу жұмысы жалғастырылуда. Әр қоғам мүшесінің барлық талаптар мен ұсыныстарды қатаң сақтауы жағдайында ғана қауіпті індеттің таралуына жол берілмейді.
Шілде айының ортасынан СҚО аумағында мониторингтік топтармен ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша 2129 құқық бұзушылық анықталды.