
11 қараша сағат 22 шамасында Петропавл қаласының 70 жастағы тұрғыны қоқыс шығарған сәтінде Жамбыл көшесіндегі үйдің ауласында оған шабуыл жасалған. Белгісіз екі адам соққыға жығып, қалтасындағы «iPhone-5S» телефонын, банк картасын, төлқұжаты мен зейнеткер куәлігін тартып алған. Ер адам үйіне келген соң, оның жұбайы полицияға қоңырау шалған. Полицияның кешеді күштеріне қылмыскерлерді іздеуге бағдар берілген. СҚО ПД Патрульдік полиция батальоны мен Тылдық қамтамасыз ету басқармасы қызметкерлерінен құралған жасақ сипатталған белгілері бойынша Интернациональный көшесінің бойында ер адамды байқаған. Ізге түскен тәртіп сақшылары 1989 жылы туған қалалықты ұстады. Көп кешікпей Бірінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері шабуыл жасаған екінші адам – 27 жастағы облыс тұрғынын құрықтады. Екі күдікті де бұрын ұрлық жасағандары үшін сотталғандар. Ұстау сәтінде олар масаң күйде болған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-б. «Тонау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұрланған заттардың бір бөлігі алынып, мүліктің қалған бөлігі іздестірілуде.
«Тонаудың тең жартысына жуығы көшелер мен көпқабатты үйлердің аулаларында жасалатынын практика көрсетіп отыр, - деп түсіндіре кетті Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжанов. — Егер тонаудың құрбанына айналған жағдайда, шұғыл полицияға хабарлаңыз. Уақтылы полицияға жүгіну қылмыстың «ізін суытпай» ашылуына бірден-бір септігін тигізеді. Үйлерде бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береміз, олар қылмысты алдын алудың тиімді құралы болып табылады».