Петропавлдың ювеналдық полицейлері демалыс күндері жұмысын жандандыра түсті

Петропавлдың ювеналдық полицейлері демалыс күндері жұмысын жандандыра түсті

Күзгі демалыс уақытында Петропавл полицейлері кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуды жанжандырды. Жастар көп жиналуы мүмкін деген орындарда рейд жүргізілді. Жалға берілетін пәтерлер мен коттедждер ерекше назарда болды. Полицейлермен бірге Петропавл қ. прокуратурасының, білім беру ұйымдарының, оның ішінде қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері, Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы қоян-қолтық жұмыс жасады.

«Жасөспірімдердің еркіндікке деген шамадан тыс ұмтылысы кейде бақыланбайтын ойын-сауық кезінде жүзеге асады және бұл әр түрлі құқық бұзушылықтардың басты шарты болып табылады, - дейді Петропавл қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Эльмира Абушева. - Кеше, рейд кезінде сегізінші сынып оқушысы мен алтыншы сыныптың екі оқушысының алкогольдік ішімдік ішу әрекеті анықталды. Жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді».

Кейбір ата-аналардың жауапкерсіздігі қауіптіліктің тағы бір факторы болып табылады. 11 қарашада Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия 35 жастағы әйел мен 29 жастағы бірге тұратын адамына қатысты ювеналдық полиция жинаған материалды қарастырды. 5 айлық баласы бола тұра екеуі де жұмыс істемейді, ішімдікті асыра пайдаланады. Ер адамның туысының үйінде тұрған, масаң күйде жанжал шығарғаны үшін үйден қуылған. Қолында баласы бар олар қараусыз қалған автокөліктің салонында түнеп шыққан. Комиссия баланың тағдырын шешті: бала облыстық балалар аурухансына жеткізіліп, қарап тексергенген кейін Сәбилер үйіне жіберілді. Ата-аналар ішімдіктен бас тартуға, жұмысқа орналасып, тұрғын үй мәселесін шешуге уәде берді. Уәделерін орындамаған жағдайда ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралатын болады. Осындай жағдайларды болдырмауға бағытталған тұрмысы төмен отбасыларды тексеру жүргізілді.

Аталған жұмыс «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 11 қарашадан бастап күшейтілді. ЖПІШ алғашқы күні 17 отбасы тексеріліп, 4 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде өздерінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту және асырау бойынша міндеттерін атқармаған ата-анаға қатысты 3 болса, енді бірі жасөспірімнің түнде қыдыруына жол беруі болды. 2 тұрмысы төмен отбасы мен 2 кәмелетке толмаған профилактикалық есепке қойылды.