СҚО-да волонтёрлар жыл басынан із-түзсіз жоғалған 11 адамды іздеп табуға көмектесті

СҚО-да волонтёрлар жыл басынан із-түзсіз жоғалған 11 адамды іздеп табуға көмектесті

СҚО полицейлері із-түзсіз жоғалған 58 жасар Бескөл кентінің тұрғыны Владимир Ларионовты іздестіруде. Жалғыз тұратын ер адамның жоғалғандығын айтып әпкесі жүгінген. Ол 28 қазан белгісіз бағытқа шығып кеткен. Тәртіп сақшылары барлық сыртқы қызметтерге бағдар жолдады. Әдеттегідей, із-түзсіз жоғалған тұлғаны іздеуге еріктілер де кірісіп кетті. Бүгінде «Lider.kz» бірлестігінен 20 шақты ерікті шықты. Полицейлермен бірге олар орман алқаптарын шолып, қараусыз қалған құрылыстарды, құдықтарды тексеруге қатысуда. Сондай-ақ, еріктілер әлеуметтік желілердің танымал пабликтерінде бағдар таратты. Ерекше белгілері көрсетілді: бойы 160-170 см., арықша келген, шашына ағарған, бүкірейген, ақсап жүреді. Қара мамық куртка, қара құлақшын, қара трико мен етік киген.

Волонтёрлар ер адамның жүрген жері жайлы қандайда бір ақпарат болған жағдайда қозғалыс үйлестірушісінің нөмірлерінің біріне немесе «102» арнасына хабарласуды сұрайды.

«Әлеуметтік желілер бүгін – халықты ақпараттандырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі, - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Пётр Климов. – Қолданушылар бейжай қалмайды, кейде көрсетілген белгілерге ұқсас адамды көрдік деп жазып жатады. Жыл басынан еріктілер іздеу іс-шараларымен баланысты 70-тен астам шығуға қатысты. Олардың тікелей көмегімен - әлеуметтік желілерде еріктілермен жүргізілетін ауқымды ақпараттық жұмыстың арқасында - 11 адам табылды».

Облыста 10 айдың ішінде 40 адамға іздеу жарияланып, оның 35-і табылды.