Петропавлда самокаттың көмегімен кетіп бара жатқан адамды тонаған күдіктілер ұсталды.
Самокатпен жүрген екі тонаушының құрбанына айналдым деген 36 жасар қалалықтың арызына полицейлер бірден сене қойған жоқ. Алайда жәбірленуші болған оқиғаны егжей-тегжейлі баяндап берді. Түн жарымда жолдың қиылысында таныс емес жігіттер оны шақырған, ол жүрісін шапшаңдатып үйіне қарай беттеген. Бірақ самокаттағы жігіттер қуып жетіп, ақша талап еткен. Оны бұзақылар ұрып-соғып, ұялы телефонын және құжаттары салынған портмонесін алып қойған. Жедел уәкілдер тонау жасалған аудандағы жатаханалардың бірін тексеру кезінде самокатты байқап қалып, оның иесін анықтайды. Самокат иесінің тонауға қатысы болып шығады. Нәтижесінде жиырма жасар екі қалалық анықталды, екеуі де кінәларын мойындады.
Сол кезде Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері жол қиылысындағы және үй маңындағы камералардағы жазбаларды зерделеп жатқан. Екі жігіттің тонауға қатыстылығы күмән тудырмады. Біреуінен ұялы телефон алынса, екіншісінен - жәбірленушінің құжаттары алынды.
Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықовтың айтуынша, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі «Тонау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта телефон мен құжаттар алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.
