Петропавл полицейлері оқушылар демалысының алғашқы күнінде түнгі уақытта көшеде жүрген жеті жасөспірімді анықтады

Петропавл полицейлері оқушылар демалысының алғашқы күнінде түнгі уақытта көшеде жүрген жеті жасөспірімді анықтады

28 қазан мен 3 қараша аралығында қалалық білім басқармасының және әлеуметтік-психологиялық қызметтердің мамандары барлық қалалық мектеп оқушыларының ата-аналарымен онлайн-режимде жұмыс жүргізді. Қашықтықтан өткізілген ата-аналар жиналысына Петропавл қ. Полиция басқармасы ЖПҚ бөлімінің ювеналдық полиция қызметкерлері де белсене қатысты. Басты тақырып- жасөспірімдер тарапынан қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бұндай кездесулер әсіресе қазір, қашықтан оқу жағдайында кәмелетке толмағандардың бос уақыттарына тиісті бақылау болмаған кезеңде аса өзекті. Оқушылар демалысының алғашқы күнінде, яғни 5 қараша күні полицейлер сағат 23.00-ден кейін үйден тыс жүрген 7 жасөспірімді анықтады. Қаланың бір тұрғыны кәмелетке толмаған қызының жоғалғаны туралы хабарлаған. Оны патрульдік полиция қызметкерлері бір пәтерден іздеп тапқан- қыз беймезгіл уақытта достарымен отырған екен.

Zoom конференцияларына 2 мыңнан астам ата-ана қатысты. Тәртіп сақшылары ағымдағы жылы Петропавлда жасөспірімдермен 14 қылмыс, оларға қатысты 29 қылмыс жасалғанын атап өтті. Полицейлер жасөспірімдер нашақорлығына баса назар аударды және балалардың тұрмыста және әлеуметтік желілерде кіммен сөйлесетінін бақылауға кеңес берді. Сондай-ақ бала тұйықталып, немесе ашуланшақ, агрессивті, тым әсерленгіш болып кетсе, бұл бір проблеманың туындағанын көрсетеді екен.

"Бұдан бөлек, бүгін Петропавл қ. мектеп директорларымен кездесу өткізілді, онда педагогтар мен полицейлердің өзара іс-қимылы талқыланды,- деп атап өтті ЖПҚБ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Эльмира Абушева.- Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы, балалар құқығын қорғайтын заң жобаларының мәселелері өзекті тақырыптар қатарында. Ювеналдық полиция қызметкерлері күнде қашықтықтан жұмыс жүргізеді. Қазан айында WhatsApp мессенджерінде чат құрылды, оған полиция,прокуратура, білім беру органдарының, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның, басқа да мүдделі ұйымдардың қызметкерлері қосылды. Чат ақпаратпен жедел алмасуға мүмкіндік береді, нақты проблемалық жағдай бойынша жұмысты жылдамдата түседі".