
30 қазан күні таңертең 41 жасар петропавлдық шаруасымен шықпақшы болады, бірақ Уәлиханов көшесіндегі үйдің маңында тұрған «ВАЗ-21070» автокөлігінің жоғалғанын анықтайды. Қала тұрғыны шұғыл «102» арнасына хабарласады. Келесі күні Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері Асаново ауылының сыртында жолдың шетінде өртенген көлікті тапқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол 1999 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Оның сөзінше, 1996 жылы туған досымен серуендемекші болып, көлікті масаң күйде айдап әкеткен және өрт өздігінен шыққан. Аталған факті ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Зақымдалған көлік тәркіленді. Күдіктілерге қатысты келуге міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
«Тәжірибе көрсеткендей, көлік құралдары көп жағдайда тасада тұрғанда, қараңғы жерлерден ұрланады, - деді Бірінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжанов. – Көліктерге дабылды орнатып, мүмкіндігінше күзетілетін автотұрақтарға немесе камералар орнатылған жерлерге қойған жөн. Көліктің ішінде ақша мен құнды заттарды қалдырмау керек, себебі қаскөйлердің көзіне түсуі мүмкін».