
Петропавл полицейлері екі жыл бойы қатігез күйеуінен жәбір көрген жас келіншекке көмектесті. Бұл жайлы облыс орталығының тұрғыны СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың атына жазған алғыс хатында. Жәбірленушінің анасы оның қызына құқықтық көмекпен қатар басқалары да көрсетілгенін айтты. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобы инспекторларының, учаскелік полиция инспекторының моральдық қолдауы қала тұрғынына қорқыныш күйінен шығуға және мәселелерді шешу жолын табуға септігін тигізді. «Егер барлық полицейлер қарапайым адамдардың басындағы қыиндықтарына осылай қараса, әлдеқайда жақсы болар еді. Бізбен тек әңгімелесіп қана қоймай, жұмыспен қамту орталығына апарып, бос жұмыс орнын да туып берді, енді әңгімелесуден өтіп, қызым пайдалы іспен айналысады деген үміттеміз», - деп жазды әйел.
Петропавлдың 21 жастағы тұрғыны бұрын күйеуіне арыз жазып полицияға жүгінген болатын, кейін өзінің шағымдарын кері қайтарып алып немесе сотта татуласып отырған. Кезекті қолжұмсаудан кейін ол ата-анасының үйіне кетіп қалған. «Учаске» ЖПІШ аясында үй-үйді аралау кезінде полицейлер барған. Отбасылық жанжалдың салдарын көрген тәртіп сақшылары қызды бұл жағдайды жылы жауып қоймауға көндіреді. Учаскелік полиция инспекторы Алмаз Жүсіпбековтің жұмысына әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының инспекторы Айнұр Беркімбаева мен ЖПҚБ бөлімше бастығы Ксения Ищенко дем берді. Олар бұл отбасында орын алған жағдайды ерекше бақылауға алған. Жәбірленушінің күйеуі тарапынан болған заң бұзушылықтарды куәландыратын қосымша жиналған материалдар бас бостандығынан айыруға негіз болды. Бұрын күйеуі қылмыс жасағаны үшін сотталған және бас бостандығын шектеу жазасы қолданылған. Шектеу шарттарын жиі бұзуына байланысты оның бұл жазасы қатаң түріне ауыстырылған. Бұдан басқа, жанжалқой отбасы-тұрмыстық қатынас аясында бұзушылық жасағаны үшін жазаға тартылмақ.