Жүк көлігі Петропавлдағы дүкенге кіріп кетті

Жүк көлігі Петропавлдағы дүкенге кіріп кетті

Петропавлда 4 қараша күні Хименко көшесінің бойында шамамен сағат 16-да жол-көлік оқиғасы орын алды. Сауда үйінің жанында қол тежегішінде тұрған бетон араластырғыш жүк көлігі өздігінен жылжып, Амега құрылыс дүкеніне кіріп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Келтірілген шығынның мөлшері нақтылануда.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының анықтаушысы әкімшілік материал жинап, әкімшілік полиция бөліміне тапсырды. Қосымша жиналған материалдардың қорытындысы бойынша жүргізушінің құқықтық жауапкершілігі туралы шешім қабылданады.