СҚО полицейлері ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз аң аулау фактілерін анықтады

СҚО полицейлері ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз аң аулау фактілерін анықтады

Кезекті рейд барысында Айыртау ауданының табиғатты қорғау полицейлері мен «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорықшылары заңсыз аң аулауған бес күдіктіні ұстады.

Полицейлерге орманда атылған оқтың дауысы шыққаны жайлы Галицыно ауылының тұрғынынан хабарлама түседі. Ақпаратты тексеру үшін тәртіп сақшылары мен қорықшылар шығады. Ерекше қорғалатын табиғи аймақта Галицино ауылының маңында «Lada Granta» және «ВАЗ 21114» көліктері тоқтатылды. Біріншісінде 29 және 35 жас аралығындағы төрт жергілікті тұрғын болған. ВАЗ 21114 көлігінің 26 жастағы жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті, бірақ кейін ұсталды. Тексеріс кезінде осы көліктен өлген үш сібір елігі, 1991 жылы туған ауыл тұрғынына тиесілі 12 калибрлі ТОЗ-34 қос ұңғылы мылтығы және кастетке ұқсас зат алынды. Екінші мылтықты табу бойынша шаралар қабылдануда, ұсталғандардың айтуынша, ол мылтықты қашып кетпекші болған адам қолданған. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 3-бөлігі «Заңсыз аң аулау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Келтірілген шығын мөлшері анықталуда. Күдіктілерге қатысты міндетті келу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Көліктер арнайы автотұраққа қойылды.

«Заңсыз аң аулау фактісі «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды, - деп түсіндірді Айыртау ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Марат Серкешев. - «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Айыртау филиалының қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау тұрақты түрде жүзеге асырылады. Бұл жұмыс жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде экологиялық қылмыстардың алдын-алу және ашу үшін күшейтілді».

Жалпы, іс-шара басталғаннан бері СҚО-да табиғи ресурстарды браконьерлік жолмен алуға қатысты - 9, оның ішінде 4 - заңсыз аң аулау фактілері бойынша қылмыстық іс тіркелді.