
Айыртау ауданының Шалқар ауылында полицейлер тонау жасады деген күдікпен 50 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Алдын ала тергеу барысында ер адам дүкенге спирттік ішімдікті қарызға сұрап келгені анықталды. Сатушы келген адам мас күйде болғандықтан өтінішін орындамайды, бірақ ер адам өзінің жоспарынан бас тартқысы келмейді. Ол сөреден бөтелке арақты алып, сатушының басынан ұрған, өзімен бірге бөтелкені алып, қашып кетеді.
«Тонау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлігі 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жарақат алған әйел аудандық ауруханаға жеткізілді. Алкоголь көп жағдайда әртүрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына себепші болатынын айта кету керек. Сондықтан, осы жамандыққа қарсы күреске бағытталған профилактикалық шаралар полиция қызметкерлерінің, әсіресе учаскелік полиция инспекторларының жұмысындағы басымды бағыттардың бірі болып табылады», - деді Айыртау ауданы полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешев.