СҚО-да полицейлер 4,5 тонна «artemia salina» шаянын тәркіледі

СҚО-да полицейлер 4,5 тонна «artemia salina» шаянын тәркіледі

Тайынша ауданының полицейлері және СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жедел тексеру барысында «ЗиЛ» жүк көлігін тоқтатты, көліктен салмағы 4,5 тонна «artemia salina» шаяны салынған 105 қап анықталды. 1987 жылы туған жергілікті тұрғында көлікке салынған жүкке қатысты ілеспе құжаттары болмаған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді. Жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды. Шығын сомасы анықталуда. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға қатысты жұмыс жүргізуде.

«Аrtemia salina» шаяны - бұл фармакологияда қолданылатын құнды биологиялық ресурс», - деп түсіндірді аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтанов. - Ол «қара базарда» сұранысқа ие және қылмыстық әрекеттердің нысанасына айналып отыр. Шаян тәрізді жәндіктері бар көлдер жалға алынады, ұрлау фактілері бұрын да тіркелген. Бұл жағдай жыл басынан бері Тайынша ауданында шаян тәрізділерді тәркілеудің ең ірі көлемі болып отыр».

Облыста өткізіліп жатқан «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер Солтүстік Қазақстан облысының табиғи байлықтарын қорғауды да жүзеге асырады. 23 мобильді топ құрылды, аңшылық шаруашылықтарының қорықшыларымен өзара жұмыс жүргізуде. ЖПІШ өткізген кезде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 246 түрлі фактісі, негізінен аң аулау ережелерін бұзу, яғни 208 жағдай анықталды. Заңсыз атылған 5 аңның етін, 8 атыс қаруы алынды. Экологиялық қылмыстар фактісі бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды.