СҚО-да полиция және прокуратура қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алуда күш біріктірді

СҚО-да полиция және прокуратура қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алуда күш біріктірді

СҚО-да полицейлер мен прокуратура қызметкерлері интернет-алаяқтық фактілерінің ескертуде күш біріктірді. Тәртіп сақшылары қалалықтарға желіде жасалатын күмәнді келісімдердің қаупі туралы жадынамалар мен буклеттерді таратады.

Жалған конкурстарға қатысқаны үшін бағалы жүлделер, төмен бағалар бойынша тауарлар, қымбат көліктерді және олардың қосалқы бөлшектерін сату - алаяқтар интернетте түрлі әдістерді пайдаланады. Полицейлер қадағалаушы органның қызметкерлерімен бірге талдау жүргізіп, солтүстікқазақстандықтар үш танымал сайтта алаяқтардың құрығына жиі ілінетінін анықтады. СҚО Прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Алдиар Талапкеровтің айтуынша, OLX, Колеса сайттарында, Instagram әлеуметтік желісінде онлайн сауда жасау интернет-алаяқтықтың жиі кездесетін сценарийі. Екінші орында онлайн – несие алу, үшіншісі – қызметкерлер өздерін банк қызметкерлері деп таныстырып, банк картасының нөмірін, құпиясөздер мен SMS-хабарламадан кодты айтып жіберуді сұрайды.

Полицейлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді пайдалана отыра, аталған қылмыс түрінің алдын алу жұмысын жандандырды. Прокуратура мен Полиция департаменті белгілі әлеуметтік желілерде күнде профилактикалық жазбаларды орналастырады. Сондай-ақ, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ірі сауда үйлер мен базарларға барып, санитарлық нормаларды сақтаумен қала тұрғындарына жадынамалар таратады, сақтық шараларын түсіндіріп, туыстарын және көршілерін ескертуге кеңес береді.

«Интернет-алаяқтың құрығына түспеу үшін Интернетте күмәнді келісім жасаудан аулақ болу, жеке мәліметтер және банк карталары туралы ақпаратты ешкімге бермеу, сатушыдан сатып алатын тауар туралы бейне шолу талап ету, комментарийлерді бақылау керек», - деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Виталий Подчернин. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары интернетте алаяқтардың құрығына түсіп қалған жағдайда, бірден полицияға жүгіну қажеттігі туралы ескертеді.